Жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Макатова А. Академияның курсанттары арасында «Тіл — алтын қазына» тақырыбында байқау ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — Академия курсанттары арасында қазақ мәдениеті мен шығармашылығына деген сүйіспеншілікті арттыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау.
Байқау 104-взвод курсанты Смайлов Досболдың жырымен ашылды. Байқау екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде әр команда тіл жайында ән-жырларын орындаса, екінші кезеңде қазақ тілінің тарихы мен мәдениетіне қатысты зияткерлік сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы үздік өнер көрсеткен командаларды анықтады. Байқау нәтижесі бойынша 3-орын – 107-взвод, 2-орын – 106-взвод және жеңімпаз 105-взвод атанды.



Старший преподаватель кафедры общего образования Макатова А. организовала конкурс среди курсантов Академии на тему «Тіл — алтын қазына». Цель конкурса-повышение любви к казахской культуре и творчеству среди курсантов Академии, воспитание казахстанского патриотизма и пропаганда статуса и значения государственного языка.
Конкурс проходил в два этапа. На первом этапе каждая команда исполняла песни на государственном языке, на втором этапе отвечала на интеллектуальные вопросы, касающиеся истории и культуры казахского языка. Жюри определило команды, которые выступили лучше всех. По результатам конкурса 3 место занял 107 взвод, 2 место-106 взвод и победитель конкурса 105 взвод!