Қостанай академиясының 104- оқу тобына Психология пәні сабағына Шымкент қаласы Полиция басқармасы әскери-дəрігерлік комиссиясының сарапшы-психологы Темірбеков Нұриддин Қамбарбекұлы қатысты.
Кездесуде маман қазіргі таңда психология пәнінің маңыздылығына тоқталып, алдағы қызметтерінде қажет болатын нәрселерді атап өтті.
Әсіресе болашақ жас қызметкерлердің жаңа ортаға бейімделуі, эмоциялық өзін-өзі ұстауы, әр түрлі жағдайларға психологиялық тұрғыдан әрдайым дайын болуы керек дейді.
Сабақ соңында маман білім алушыларға оқуда сәттілік, алға қойған мақсаттарының орындалуын тіледі.