ІІМ Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесі, жеке құрамы бүгінгі Халықаралық қарттар күнімен қазыналы қарияларымызды шын жүректен құттықтайды!

Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, игі істеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол қарттарымызға ерен еңбектеріңіз бен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз!