ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығы “Сотқа дейінгі пробацияның ұйымдық-құқықтық мәртебесін жетілдіру” тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қырғыз Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Пробация департаментінің, Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясының, Ресей ФЖОҚ академиясының өкілдері, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және Академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында проблемалық аспектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сотқа дейінгі пробацияны құқықтық регламенттеу, пробация органдарының сотқа дейінгі қызметтерді жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибесі және қылмыстық сот ісін жүргізуде қаралып отырған пробация түрін жетілдіру жөніндегі негізгі шаралар талқыланды.


В Костанайской академии МВД имени Шракбека Кабылбаева центром по подготовке специалистов службы пробации был проведен международный круглый стол на тему «Совершенствование организационно-правового статуса досудебной пробации».

В мероприятии приняли участие представители Департамента пробации при Министерстве юстиции Кыргызской Республики, Академии МВД Кыргызской Республики, Академии ФСИН России, сотрудники службы пробации ДУИС по Костанайской области, а также профессорско-преподавательский состав кафедры уголовно-исполнительного права, сотрудники научно-исследовательского центра и сотрудники отдела организации научно-исследовательской и редакционно-издательской работы Академии.

В ходе круглого стола были обсуждены проблемные аспекты, а также правовая регламентация досудебной пробации в Республике Казахстан, зарубежный опыт осуществления досудебных услуг органами пробации и основные меры по совершенствованию рассматриваемого вида пробации в уголовном судопроизводстве.