Бүгін 28 қыркүйек күні қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлердің – Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкейдің туған күні. Алғашқы пьесаның авторы Мұхтар Омарханұлының туғанына 126, қазақтың Шер-ағасы –Шерхан Мұртазаның дүниеге келгеніне 91 жыл, ал Алтайдың кербұғысы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толып отыр.
Қазақтың әр буын ұрпағының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткен ұлы туындылардың авторлары. Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей – бүгіннің, болашақтың келер мыңжылдықтардың да ой бесігін тербетіп мәңгілік қала бермек.
Аға ұрпақтың атқарған жанқиярлық қызметі мен күрескерлік танытқан өмірі бүгінгі күнде де аса маңызды және өшпес өнеге. Бұл 3 арыстың артында ұлтымыздың ырысы, халқымыздың құтты қазынасы деуге лайық мол мұрасы, асыл сөздері қалды.