ІІМ Қостанай академиясының білім алушылары қазақ халқының батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған кешті тамашалады.

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы мен Н. Молдахметов атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі қостанайлықтардың назарына «Амангелді дүбірі» атты ауқымды музыкалық іс-шараны ұсынды. Бұл кеш 1916 жылы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналды.

Мерекелік іс-шарада филармония солистерінің орындауында Дина Нұрпейісова, Гарифулла Құрманғалиев сияқты танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Сондай-ақ, көрермендер Қазақстанның заманауи композиторларының шығармаларын тыңдай алды.




Курсанты и слушатели Костанайской академии МВД провели культурный досуг, посетив концерт «Амангелдi дүбірі».

Костанайская областная филармония имени Е. Умурзакова, оркестр казахских народных инструментов имени Н. Молдахметова представили вниманию костанайцев масштабное музыкальное мероприятие «Амангелдi дүбірі».

Концерт, посвященный 150-летию Амангельды Иманова, национального героя и руководителя национально-освободительного восстания в Торгае в 1916 году, собрал полный аншлаг.

На праздничном мероприятии прозвучали произведения на темы известных композиторов, таких как Дина Нурпеисова, Гарифулла Курмангалиев в исполнении солистов филармонии. Также зрители услышат произведения современных композиторов Казахстана.