5 қыркүйек — қоғам қайраткері, «Алаш» партиясын ұйымдастырушылардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. А.Байтұрсынұлының туған күні Қазақстан халқы тілдері күнімен тұспа-тұс келеді. Осыған орай кітапхананың оқу залында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларымен кездесу өтті.

Тыңдаушыларға Ахмет Байтұрсыновтың ХХ ғасырдың басындағы республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі, оның еліміздің тарихындағы қызметі туралы кітапханашы К. Аргынгазина айтып берді. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі пәнінің оқытушысы Аягөз Мақатова А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызмет тарихына шолу жасап, қазақ тілінің қоғамда қандай рөл атқаратыны жайлы сөзге тиек етті.

Оқу залында білім алушыларға арналған «Алаш көсемі» және «Туған жерім- тұғырым, туған тілім- ғұмырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.




5 сентября- день рождения общественного деятеля, одного из организаторов партии «Алаш», языковеда, литературоведа, человека, которому присвоено звание «Ұлт Ұстазы» — Ахмета Байтурсынова. День рождения Ахмета Байтурсынова официально утверждён Днём языков народов Казахстана.

В читальном зале библиотеки прошла встреча со слушателями первоначальной профессиональной подготовки, посвященная этим двум датам.
О роли Ахмета Байтурсынова в общественно-политической жизни республики в начале XXвека, о значимости его деятельности в истории нашей страны рассказала библиотекарь Аргингазина К.С. Преподаватель казахского языка кафедры общеобразовательных дисциплин Макатова Аягоз сделала подробный экскурс в историю жизни и деятельности Ахмета Байтурсынова как ученого-лингвиста, языковеда, поэта.

Вниманию читателей библиотеки организованы книжные выставки «Алаш көсемі» и «Туған жерім- тұғырым, туған тілім- ғұмырым», по представленным изданиям проведен обзор литературы.