Бүгін Ұлттық домбыра күні. Қазақтың бағзыдан келе жатқан қасиетті аспабы – ұлтымыздың киесі, қасиеті һәм қазынасы. Оның тарихы ғасырлар қойнауында жатқаны белгілі. Бабадан қалған бағалы мұрамызды қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау – әр қазақтың парызы. Сондықтан осыдан бес жыл бұрын Елбасы жарлығымен Ұлттық домбыра күні бекітілді.

Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін! Ұлттық домбыра күні құтты болсын!