Бүгін ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Қазақстан Республикасы ІІМ арнаулы оқу орындарында сабақ өткізу әдістемесін жетілдіру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул және Сібір заң институттарының, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдері, сондай-ақ Ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысы бөлімінің қызметкерлері және Академияның бірінші курс магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында әкімшілік-құқықтық пәндерді, оның ішінде қашықтықтан оқытылатын пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, сондай-ақ ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Ғылыми пікірталас барысында дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру қызметі саласында оң тәжірибе алмасты, сондай-ақ сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірледі.

28 апреля текущего года в Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева был проведен международный круглый стол на тему «Совершенствование методики проведения занятий в специальных учебных заведениях МВД Республики Казахстан».

В мероприятии приняли участие представители Барнаульского и Сибирского юридических институтов МВД Российской Федерации, Карагандинской академии МВД Республики Казахстан имени Баримбека Бейсенова, а также профессорско-преподавательский состав кафедры административной деятельности органов внутренних дел, сотрудники отдела организации научно-исследовательской и редакционно-издательской работы и магистранты первого курса Академии.

В ходе круглого стола были обсуждены вопросы, связанные с совершенствованием методики преподавания административно-правовых дисциплин, в том числе, преподаваемых в дистанционном формате, а также формированием профессиональных компетенций у курсантов и слушателей специальных учебных заведений МВД.