ІІМ Қостанай академиясының білім беру мекемелері мен Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул заң институты арасында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастықты іске асыру шеңберінде білім алушылар үшін тұрақты негізде біздің мемлекеттеріміздің заңнамасын дамыту саласындағы өзекті тақырыптар бойынша онлайн дәрістер ұйымдастырылып, өткізіледі.

Бүгін Барнаул заң институтының 1-2 курс курсанттары үшін Академия бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ахан Нурушев «Міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілдері» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістің мазмұны курсанттардың үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері міндетті құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдігін арттырудың табиғи қажеттілігі ретінде болашақ заңгерлер үшін кәсіби қызығушылыққа ие.

Дәріс соңында білім алушылар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасын салыстырмалы талдау үшін сұрақтар қойды. Талдау қорытындысы бойынша білім алушылар осы елдердің заңнамасында бірқатар ұқсас ережелер бар деген қорытындыға келді.
Өз кезегінде полиция полковнигі А.Ж. Нурушев білім алушыларға қызығушылық танытқаны үшін зор алғысын білдірді.


В рамках реализации сотрудничества в области образовательной и научной деятельности между образовательными учреждениями Костанайской академии МВД и Барнаульским юридическим институтом МВД Российской Федерации для обучающихся на постоянной основе организуются и проводятся онлайн –лекции на актуальные темы в области развития законодательства наших государств.

Сегодня для курсантов 1-2 курса Барнаульского юридического института заместителем начальника Академии, кандидатом юридических наук, полковником полиции Аханом Нурушевым прочитана лекция на тему «Способы обеспечения обязательств».

Содержание лекции вызвало большой интерес у курсантов, т.к. способы обеспечения исполнения обязательств как естественная необходимость повышения гарантированности прав и интересов участников обязательственных правоотношений имеет профессиональный интерес для будущих юристов.

По завершению лекции обучающимися были заданы вопросы для сравнительного анализа законодательства Республики Казахстана и Российской Федерации. По итогам анализа обучающиеся пришли к выводу, что законодательство данных стран имеет ряд схожих положений.
Полковник полиции Нурушев А.Ж. выразил огромную благодарность за проявленный интерес.