1 ақпанда БҰҰ ЕҚБ өкілдігі АҚШ Мемлекеттік департаменті қызметкерлерінің Академияға таныстыру сапарын ұйымдастырды.
Сол күні ІІМ Қостанай академиясында БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасы өкілдерінің қолдауымен Нельсон Мандела ережелерінің жаңартылған электрондық оқу курсы іске қосылды. Аталған жоба географияны кеңейтуге және білім алушыларды қамтуды сапалы арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Орталық Азия өңірінде осындай тәжірибесі бар алғашқы елдердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ІІМ Қостанай академиясында Н.Мандела ережелерінің курсынан 3000-нан астам полиция, қылмыстық-атқару жүйесі және үкіметтік емес ұйымдар өтті.
Жұмыс бабындағы кездесу барысында пенитенциарлық мекемелер мен пробация қызметтері қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, сотталғандардың әлеуметтік қалпына келтіру мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық, сотталғандармен жұмысты ұйымдастыру бойынша ІІО қызметкерлерін оқыту қажеттілігін бағалау мәселелері талқыланды.



1 февраля представительством УНП ООН был организован ознакомительный визит сотрудников Государственного департамента США в Академию.
В этот же день в Костанайской академии МВД состоялся запуск обновленного электронного учебного курса Правил Нельсона Мандела при поддержке представителей Управления по наркотикам и преступности ООН. Данный проект позволит расширить географию и качественно увеличить охват обучающихся.
Казахстан является первой страной в Центральноазиатском регионе имеющей такой опыт. На сегодняшний день в Костанайской академии МВД курс правил Н.Мандела прошли более 3000 сотрудников полиции, уголовно-исполнительной системы и неправительственных организаций.
В ходе рабочей встречи были обсуждены вопросы повышения потенциала сотрудников пенитенциарных учреждений и служб пробации, межведомственного сотрудничества по вопросам социальной реинтеграции осужденных, оценки потребности в обучении сотрудников ОВД по организации работы с осужденными.