«Адам жанының құпиясы» осындай тақырыпта тыңдаушылар арасында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренинг диалогқа және белгілі бір мәселелерді адал қабылдауға негізделген. -Негізгі мақсат-өмірге төзімділік дағдыларын дамыту, қиын өмірлік жағдайларда әлеуметтік ортаны қолдаудың маңыздылығын түсіну — дейді взвод командирі полиция аға лейтенанты Айдана Серикбаева.

— Тренинг барысында бір-бірімізді жаңа қырымыздан таныдық, ұйымшылдық ұлғая түсті. Әсіресе әрқайсымыз ең алдымен өзіміздің мән бермей жүрген қабілетімізге назар аудардық. Жақсы әсер алдым, соңында біраз нәрселерге ойлану қажет екенін ұқтым- дейді 15-оқу тобының тыңдаушысы Саера Рахимова.