ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ардагерлері, басшылығы, жеке құрамы мен түлектері Ішкі істер саласының ардагері, отставкадағы ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденовті бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, елінің көшелі азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты ағамыз Талап Қабденұлы Қабденов 1996-2000 жылдары аралығында біздің Академиямызды басқарды. Осы киелі білім ордасының қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген белгілі тұлға. Оның басқару жылдарында оқу орнының материалдық-техникалық базасы құрылды, мектеп қалаға орын ауыстырды, оқу ордасында жаңа кафедралар пайда болды.

Генерал-майор өмірін Қазақстан Республикасы Ішкі істер саласына, әсіресе ведомстволық білімді қалыптастыру мен дамытуға арнап келеді. Талап ағамыз өзінің өмір жолында елдің татулығы мен бірлігін бірінші орынға қойды. Өмірдің суығы мен қиындығына мойымай, алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындап, ерен еңбегінің арқасында капитан атағынан ішкі қызмет генерал-майоры атағына дейін жетті.

Құрметті Талап Қабденұлы! Бүгінгі мерекелі күні Сіздің шаңырағыңызға шаттық, баянды бақыт, зор денсаулық, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз!