Қостанай академиясында Әйелдер кеңесі алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушы қыздарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Әйелдер кеңесінің төрайымы полиция полковнигі Райгуль Мухтабаева ұжымның атқаратын қызметінің жұмыс бағытымен таныстырды, сондай-ақ қыздардың таңдаған ҚАЖ мамандықтарының қыр-сырларына, полиция қызметкері атанудың жауаптылығына, алда күтіп тұрған қиындықтарына тоқталып өтті.
Жиын соңында қыз балалардың тәртіпке тез арада бейімделуіне ықпал жасап, оларды мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

Женский совет провел встречу со слушателями-девушками, обучающимися на курсах первоначальной-профессиональной подготовки в Костанайской академии.
На встрече председатель Женсовета полковник полиции Райгуль Мухтабаева ознакомила девушек с направлениями работы коллектива, а также остановилась на тонкостях профессии, которую выбрали будущие сотрудники УИС. Кроме того, была доведена информация об ответственности, которая легла на плечи будущих офицеров и сержантов, о предстоящих буднях в стенах учебного заведения, о работе на практике.