ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қостанай облысының дағдарыс орталығының мамандарымен ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша шараларды әзірлеу» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Академия курсанттары мен тыңдаушылары үшін отбасылық қолайсыздықтың салдарын, сенім телефондарын, өзге де әлеуметтік қызметтерді және Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша мемлекет қабылдайтын шараларға бағытталды.
Іс-шара барысында «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» қорының Қостанай облысы филиалының директоры Кенжегуль Алтынбаева және дағдарыстық сот психологы Людмила Должиковамен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу бойынша басты шаралары айтылды. Шара соңында іс-шараға қатысушылармен бірге тренинг өткізілді.