Алғашқы кәсіби даярлықтың екінші жиынына тыңдаушылар қабылданды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғыртуға байланысты ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ішкі істер органдары үшін кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша кешенді   іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Осыған орай ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлер алғашқы кәсіби даярлықтың екінші жиынына қабылданды.


Қазақстанның жеті облысының Полиция департаменттерінің бөліністерінен 169 тыңдаушы алғашқы кәсіби даярлық оқыту курсын өтуге келді.