Үздік көрсеткіш

Мамыр айының көрсеткіші бойынша 1-курс жеке құрамы Академияның оқу-білім мониторингінде құқық қорғау органы, педагогика-психология  және әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша 1-орынды иеленді.Ең басты жетістіктердің бірі 1-3 курс арасында 1 курс жеке құрамы «Үздік курс» номинациясын женіп алды және алдыңғы сапқа шықты. Айта кетерлік жағдай осы уақытқа дейін жеке құрамның нәтижесі тек 2, 3-орындарды қамтыса, қазіргі көрсеткіш бойынша дәрежелі 1-орынды иеленіп отыр. Қазіргі таңда курс жұмысы мен оқуына, біліміне көп көңіл бөлініп, курсанттар өздерін жан-жақты дамытуда. Барлық жағынан бірінші болуға тырысып жүрген курсанттар үшін бар жағдайды курс басшылығы жасауда және қолдау білдіруде. Оқу үлгерімінің көтерілуі оқу кураторлары мен 1 курс жеке құрамының методистінің арқасы деп те айтуға болады. Курс басшылығынан бөлек бірінші бөлімше командирлері де жұмыс атқарып, еңбектерінің нәтижесін бақылау үстінде. Әлеуметтік жұмыс бойынша біздің курс оқу жылы басы қыркүйек айынан бастап бірінші орынды иеленуде және ол нәтиже ешқандай өзгеріссіз қазіргі кезге дейін жалғасын табуда. Біз үшін бұл жеңіс, бұл нәтиже соңғы емес. Осындай жетістіктеріміз үнемі жалғасын тауып отыратынана сенімідіміз.






1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида