Ерекше  веложүгіріс 

1 курс жеке құрамы ағымдағы жылдың сәуір айының 26-шы жұлдызы күні Жеңіс күніне арналған іс-шараға белсене ат салысты. Айтулы іс-шараға академия бастығы Н.А.Биекенов, академия бастығының орынбасары Е.Т.Каппасов, кафедра бастықтары А.Ю.Сметановский, М.Б.Абдрахманов, курс басшысы М.С. Мурзагалеев, тәрбие бөлімінің бастығы Р.К.Аужанов және саптық бөлім бойынша басшысы Н.Бақытқалиұлы қатысты. 1 курс курсанттары көше бойларын жүгіріп өтіп, құрмет ретінде Жеңіс күні ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Тек қана жаяу жүгіріспен қана емес, сонымен қатар курсанттар веложүгіріске де қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты: курсанттардың табандылығын арттырып, соғыс кезіңде ерліктерімен, батырлықтарымен танымал болған батырларымызды еске алу, оларды пір тұту, құрметтеу және басқа адамдарға өзіміздің шыдамдылығымызбен болашақ полиция мамандарын жақсы көзқараста көрсету болып табылады. Айтулы іс-шараға соғыс ардагерлері қатысып, ерекше толқыныстары мен алғыстарын жеткізді. Бейбіт заманның Отан қорғаушылары ретінде, бізге ақыл-кеңестерін айтты. Іс-шара соңында, барлық курсанттар мадақтамамен марапатталды. Біз үшін, яғни 1 курс үшін аталған іс-шараға қатысқанымызға өте қуаныштымын.



1 курс курсанты

полиция қатарындағы

А. Бакбаева