Алматы облысы бойынша полиция Департаменті мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 4 курс курсанттарының  кәсіптік тәжірибесін тексеру

2019 жылғы 10-11 сәуірде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы М.А.Жумашев Қостанай академиясының 4 курс курсанттарын өндірістік практикадан өтуін тексерді. «Әкімшілік-құқықтық» мамандығы бойынша білім алып отырған курсанттар: Алматы қаласының полиция Департаментіңде курсант Байбалиев кәсіптік тәжірибеден өтуде.  Алматы облысы полиция департаментінде курсант А.Нусупбекова, Ж.Косимбетов, Ә.Асым, Н.Арғын, Д.Бекжанов, Б.Даулетканов, Б.Рахимбеков, А.Ошақбай, А.Сейтжан кәсіптік тәжірибеден өтуде. Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөліністерінде курсант Р.Ермекұлы, Р.Мадьяров, А.Бейсембай кәсіптік тәжірибеден өтуде. Практика барысында курсанттар академиядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, өз біліктіліктерін тәжірибелі қызметкерлермен жұмыс жасау арқылы арттыруда. Кәсіптік тәжірибе тексерісінің қорытындысы бойынша курсанттар қызметтік міндеттерін қызықты және тиянақты түрде өткеруде, алдағы уақытта жан-жақты шыңдалған мемлекет қызметкерлері болатынына көз жеткіздім.


ӘҚжӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

М.А.Жумашев