Warning: session_start(): open(/var/www/www-root/data/bin-tmp//sess_g627bb5apk7arvr03tqo2k69u5, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /var/www/www-root/data/www/kostacademy.edu.kz/wp-content/themes/hueman/single.php on line 1
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарынан жасақталған 20 курсанттан құралған көмек көрсету тобы «Дельфин» балалар үйіне көмегін көрсетті — Костанайская академия МВД РК имени Ш. Кабылбаева

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарынан жасақталған 20 курсанттан құралған көмек көрсету тобы «Дельфин» балалар үйіне көмегін көрсетті

Басшылық құрамының ұйымдастыруымен «Дельфин» балалар үйінің тәрбиелеушілерінің ұсынысымен 2 курс курсанттары көмек көрсетуге ат салысты. Айта кететін жайт, өткен айда балалар үйін көшіруге көмектесуге ат салысып, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға жылы құшағымыздың әрдайым ашық екенін және әрқашан көмекке дайын екенімізді білдірген болатынбыз. Осы жолы барудағы мақсатымыз, көгалдандыру болды. Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, дәл осындай тәлім-тәрбиені бойымызға сіңіріп өскен қазақ деген елдің ұл-қыздары болғандықтан, көзіміз тірі кезінде біздің мемлекеттің балалар үйі ешқашан қараусыз қалмауын қадағалаймыз. Атадан келе жатқан тәртіпті жалғастыру, бұл жолы ауланы тазартып, жер аударып, ағаштар отырғыздық және де көздері жәутеңдеген Қазақстанның ертеңгі болашағы, өскелең балалардың көңіл-күйіне де мән бердік. Біздің мақсат материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, олардың әлеуметтік қажеттіліктеріне де көңіл бөлуіміз керек. Ортаға, қоғамға деген түсінігін уақытында қателіктерін ұғындырып, ағат кеткен жерлерінің орнын толтыру.

Академия басшылығының рұқсатымен, 2 курстың курс басшылығының ұйымдастыруымен, 2 курс курсанттары «Дельфин» балалар үйіне көмек көрсеткендеріне дәл риза және де 2 курс курсанттары сіздерге алғысын білдіреді. «Дельфин» балалар үйінің басшылығы да еңбекті еш жібермей, курсанттардың көмек көрсеткенін бағалап, басшылық құрамға өз өкілеттігі шегінде алғыс хатымен марапаттады.

 








2 курс бастығы

полиция майоры

Заварыко В.В.

полиция қатарындағы

2 курс курсанты

Максетова Г.

 


Warning: Unknown: open(/var/www/www-root/data/bin-tmp//sess_g627bb5apk7arvr03tqo2k69u5, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in Unknown on line 0

Warning: Unknown: Failed to write session data (files). Please verify that the current setting of session.save_path is correct (/var/www/www-root/data/bin-tmp/) in Unknown on line 0