ШЫН ЖҮЙРІК КУРСАНТҚА ТҰСАУ ЖОҚ

2019 жылғы наурыз айынын 30-шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қабырғасының спорт кешеніңде «Жастар жылына» арналған Қостанай облысы белбеу күресі федерациясы және Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Қостанай академиясы басшылығының қолдауымен белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қостанай облысының чемпионаты өткізілді.

Аталмыш іс- шараның негізгі мақсаты курсанттарды осы спорт түріне баулып, күрес өнеріне тарта отырып, алдағы уақытта өткізілетін республикалық додаларға іріктеу жасап, оза шапқан жүйріктерге өз өңірінің мерейін үстем етуге мүмкіндік беру. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды жарыстар өткізу үшін осы спорт түріне ерекше көңіл бөлу негізге алынып отыр.

Қостанай облысының белбеу күресінен аға жаттықтырушысы Атантаев Азамат Мылттықалиұлының айтуынша, осы сайыстан оза шапқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сәуір айының 8 — нен бастап 30-ына дейінгі аралығындағы оқу жаттығу жиынына академия курсанттарын жинап, мықты команда дайындау, осы іс-шарада «Шынықсаң шымыр боласың» — дегендей жастарымыздың өнерін шыңдап, кәсіби шеберліктерін арттырып, алдағы болатын үлкен додаларға аса қарқындылықпен жоғары дәрежедегі дайындықпен сап түзеп, бапкерлеріміздің арқасын кенге жайып, кеудесін тік көтеру үшін жасалған іс-шараның маңызы өте зор. Хас бәйгеге қазан аттай бапталған палуандарымыздың алдында кедергі болмас үшін осындай жиынын мағынасы тым тереңде.

Жарысымыз жоғары дәрежеде өтіп, облысымыздың әр қиырынан келген палуандарымыз өздерінің біліктілігін көрсетіп, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болған палуандарымыз боз кілемнің шаңын шығарып, жарыстың жалынын жандыра түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша топ жарған курсант палуандарымыз

57-салмақ дәрежесінде

1-орын Абу Бейбарыс;

2-орын Бәшір Ғасырбек;

3-орын Жанбуршинов Бекзат;

62- салмақ дәрежесінде

2-орын Жұмабеков Нұржан;

68-келі салмақ дәрежесінде

3-орын Сұлтанбек Райымбек, Сағатов Айбын;

75-келі салмақ дәрежесі

3-орын Сейтмағамбетов Рахат;

82-келі салмақ дәрежесінде

1-орын Жарқынбек Бағдаулет;

3-орын Ермек Қазыбек, Сейдірахманұлы Жұмахан;

90-келі салмақ дәрежесінде

3-орын Таңатаров Маулен, Әділ Ілияс;

100-келі салмақ дәрежесінде

3-орын Сабит Жан;

100-ден жоғары келі салмақ дәрежесінде

1-орын Күдірбек Болат;

63-келі салмақ дәрежесінде

1-орын Кривич Юлия.




Алнашов Аслан