Оқу үрдісіндегі тәжірибемен тығыз байланыс

Оқытылатын оқу пәндерінің тәжірибелік бағдарлануын арттыру үшін әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылға үлкен көңіл бөледі. Осы бағыт шеңберінде күндізгі оқыту факультетінің  курсанттарына арналған сабақтарға тәжірибелі мамандарды тарту тұрақты негізде жүргізіледі.          Осылайша, 2019 жылғы 2 сәуір күні КОФ-нің 2 курс курсанттарына тәжірибелік сабақты өткізу үшін Павлодар облысының ҚАЖД-нің қызметкерлері әділет аға сержанты Ахметбеков Жандос Жуматович және әділет  сержанты Ботай Талғат Қабдынурұлы шақырылды.

Шақырылған қонақтар тәжірибелік қызмет барысында туындайтын сұрақтар туралы ақпарат беріп, өз қызметінде кездескен оқиғаларды мысалға келтіре отырып айтып кетті.  Сабақ барысында тәжірибелік қызметкерлер ІІО қызметкерлеріне қойылатын талаптарға ерекше көңіл аударды.  Аталған іс-шара барысында тәжірибелік қызметкерлер курсанттардың қойған сұрақтарына жауап берді.

ӘҚжӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Ж. Базарбаева