Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар

Сыбайлас жемқорлықпен ең мықты күрес-бұл жариялылық.

                                                                           Н.Ә.Назарбаев

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «қазақстан -2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететін ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер ретінде атап көрсетті.

Осы орайда, бүгінгі күні Академияда ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттарымен «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» пәнінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезім мен сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбы бойынша Академия Психологиялық жұмыс орталығының аға инспекторы полиция майоры Досмаилова Айжан Балтабайқызымен бірігіп тренинг өткізілді.

Тренинг мақсаты: магистранттардың сыбайлас жемқорлыққа карсы сана мен мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа теріс көз-қарасын қалыптастыру.

Тренинг барысында келесі психологиялық әдістер қолданылды:

  • «Менің шынайы келбетім» жалғандық шкаласы;
  • «Түтікшемен арт терапия» жағымды және жағымсыз эмоцияны сыртқа шығару;
  • Менің бұл өмірдегі құндылықтарым
  • Арлы және арсыз қызметкер тақырыбындағы сурет сайысы.

Жоғарыда аталған әдістері қолдану барысында магистранттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты көз-қарастар мен ойлары қалыптастырылды. Тренинг соңында магистранттар сабақ барысында алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлестерін қосатындықтарын атап өтті.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару

және криминология кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

Гульмира Кажикова