Наурыз мейрамы  — Ұлыстың ұлы күні!

Наурыз – қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан ұрпаққа мүра болып келе жатқан мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Бауырсақ пісіріліп, дәстүрлі «наурыз көже» әзірленеді.

Ел арасында былай жырланатын: «Ұлыстың күні кәрі – жас құшақтасып көріскен, Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен, Шалдар бата беріскен, Құдіреті күшті құдайым, айнытпа деп жөн істен».

2019 жылғы 22 наурыз күні күндізгі оқыту факультетінің 2 курс
202 оқу тобының курсанттарына сейілдеме ұйымдастырылды.


Орталықта құрылған сахнада шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіліп, бірінде спорттық ойындардан жарыстар өтті. Полиция қатарындағы Бекуыс Берік Қостанай облысы Қостанай ауданның Зеречный кенттегі «Арғымақ» ипподромында өткен «Көкпар» ойынына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Сейілдеме барысында курсанттар Наурыз шағын ауданында орналасқан Мешіт алаңында «қой көтеру», «гиря көтеру», «арқан тарту», «асық ату» сияқты ойындарына белсеңді қатысты.



Арайлап жеткен Әз-Наурыз мейрамында ақ бол болып, жылымыз ырысты болсын. Ұлыстың Ұлы күні жанұяларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін!

202 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В. Касенова