Әз – Наурыз

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай 2019 жылы 22 наурыз күні 308-топ курсанттары мерекені тойлау және ұлттық ойындарға қатысып, спортқа қызығушылықты арттыру мақсатында Қостанай облыстық Аймағанбетов Қажы Спанұлы мешітінің ауласында ұйымдастырылған ұлттық ойындар сайысына алып барылды.


Курсанттар асық ату сайысына қатысып, өз бақтарын сынап финалдық сайысқа дейін жетті әрі онымен ғана шектелмей ат үстінде аударыспақ ойынына қатысып өз күштерін  көрсетті.



Алыспай беріспеуге бел буған академия курсанттары «Академия» деген команда құрып арқан тартыс сайысында 1-орынды иеленіп, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы бақыт пен шаттыққа, қуанышқа толы күн болып тойланды» – деп курсанттар  алған әсерлерін жеткізді.

ЖІҚ кафедрасының

оқытушысы, полиция майоры

А. Турымов

полиция қатарындағы 3 курс курсанты

Ермек Қазбек