«Золотой Фазан» демалыс орталығына сейілдеме

Қыс – бала кезімізде ең көңілді, қызықты мезгіл болушы еді. Қыстың соңғы айында табиғатқа жақын болып, таза ауамен дем алу үшін біз 2019 жылдың 23 ақпан күні 102 взвод курсанттарымен «Золотой Фазан» демалыс орталығына бардық.

102 взвод курсанттары Қазақстанның әрбір қалаларынан келіп жиналғандықтан, кейбір балалар біздің Қостанайда сияқты аяз бен қарды, сырғанақты көрмеген. Әсем Тобыл өзенінің бойында, Қостанайдың көркем табиғатында орналасқан «Золотой Фазан» демалыс орталығы курсанттардың көңілінен шықты.

«Золотой Фазан» демалыс орталығында үлкен тюбингтерді жалға алып курсанттар сырғанақтан тепті. Сол жерде орналасқан дәмханасында ыстық тамақ ішіп алып, әрі қарай бананмен және шанғымен балалар тепті.

Жалпы бұндай сейілдемелер курсанттар үшін күнделікті оқу мен тәртіптен шаршаған кезде, қоғаммен бірге араласа отырып, сана сезімдері тазарып, жаңа күнге аяқ басуға үлкен септігі мол деп ойлаймын. 102 оқу тобының ұйымшылдығы жоғары және оқуда да алдыңғы қатарда. Бұл оқу тобымен өткен демалыс күніміз әрі қызықты, әрі көңілді оқиғалармен есте қалмақ.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы, 102топ кураторы

полиция майоры

Карымсакова Д.Т.