Қысқы демалыстан келіп қалдық

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы басшылығының рұқсатымен 2 курс курсанттары   ағымдағы жылдың 14-27 қаңтар айында қысқы демалысқа барып келді. Демалыс әрине, жақсы туған — туыстарыңмен, жақын — жолдастарыңмен қауышып, жүздесеміз. Біз кеткен уақытта Қостанай қаласы қарға оранып әсем көрініске боялып жатқан еді, ал батыс және оңтүстік облыстарынан келген курсанттар үшін бұл көрініс баға жетпес сурет еді. Біздің өңірде қыс Қостанайдың күзіндей өте шығады. Баршамызға мәлім, табиғаттың әрбір маусымы ерекше. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Мен, Маңғыстау облысының тумасымын.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсіп, 1 курста оқып жүргенімде, менің бір мақсатым  болатын, офицер болу және жігерлілігімен қандай сынақтар болса да шыдап, сабырлылықпен бейімделу еді. Міне ол, кездер де зымырап өте шықты, көзді ашып-жұмғанша мен, 2 курста оқып жүрмін.  Бір қызығы, қазір 1 курстағы естеліктерімізді бір-бірімізге айтып бөлісіп, бір сәт, өзімізді қуанышқа бөлейміз. Курсанттық жылдар, курсанттың бір күні әрқашанда қызығына толы. Біздің курста оқу үздіктері, спорт және мәдени-көпшілік іс-шараларына, республикалық, облыстық және өңірлік семинарларға белсене қатысатындар да жеткілікті. Академия басшылығымен курс басшылығы курсанттарға барлық жағдайларды жасап жатыр. Осы жағдайлардың арқасында, біздер балаша қуанып, жеңістен — жеңіске жетіп,  жатырмыз.

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов айтқандай, «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» өздерінің уақыттарымен санаспай, терең білім беріп, біздің болашағымыз үшін аянбай жұмыс жасап жатқан Академия басшылығына және профессорлық-оқытушылар құрамына алғысымыз шексіз.

2 курс курсанты,

полиция қатарындағы

Максетова Г.