«Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» пәні бойынша «Фемида таразысы» олимпиадасы

Кафедраның жылдық жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 28 қарашада
ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы пәнінен күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарының арасында «Фемида таразысы» атты олимпиада өтті.

Олимпиаданың сапалы және объективті түрде өтуі үшін қазылар алқасы ретінде Академияның қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Г.Н. Кажикова, қылмыстық-іс жүргізу және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Е.Е. Қайнар және мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры М.К. Смағұлов  шақырылды.

Курсанттар қойылған сұрақтарға тез және сапалы жауап беруге, берілген тапсырмаларды уақыты орындауға тырысты, оқу бағдарламасында өткен материалдарды қайталап шығуға тағы бір мүмкіндік туды.

Олимпиадаға 5 топ қатысты, олар өз топтарының атаулары мен ұрандарын айтты, бұл үйге берілген тапсырма болатын. Олимпиаданың негізгі бөлімі 3 турдан құрылды. 1 тур «Сұрақ-жауап» сайысы болды. Олимпиада қатысушылары қылмыстық құқықтың теориялық жағын бір қайталап, естеріне түсіруге мүмкіндік туды.

2 тур «Құқықтық біліктілік дағдысы» деп аталды, қатысушыларға тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтарды саралады. Аталған конкурстық тапсырма курсанттардың ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырып, тәжірибелік біліктілігін дамытады. Ойынға қатысушылар өздерінің білімін, ұтқырлығы мен алғырлығын көрсетті.

3 тур «Шешендік өнер». Қорытынды тур топ командирлеріне арналды. Алайды барлығы қосылып, берілген тапсырма бойынша командирге көмек көрсетіп, оның сөйлеу мәдениетін қалыптастыруы қажет болды. Ал командир, өз кезегінде, берілген тақырып бойынша көрермендер мен қазылар алқасын өзінің тақырыбының дұрыстығына сендіру қажет болды. Бұл сайыстың маңыздылығы – курсанттың тіл байлығын дамыту, халықтың алдында өзін ұстау мәнерін қалыптастыру, айтылған сөздерінің маңыздылығы мен мәніне назар аударту болып табылады.

Сайыс соңында әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Әр дүйсенбі сайын өткізілетін жалпыакадемиялық сап түзеуде жеңімпаздар марапатталатын болады.

ҚҚАҚжК кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры Суйеубаева З.М.