Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Біздің экономикамыздағы бірашама заңды әркеттерді шектейді. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны аян. Осындай жаман істердің болмасы үшін 1 курс жеке құрамы да өз үлестерін қосады. Шараның өткізілу мақсаты курсанттарға адам құқықтары жайлы түсінік беру. Жемқорлықтың не екенін түсіндіру, қоғамдағы лауазымдық биліктердің асыра пайдалануын болдыртпау. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі деп көрсетті. Міне, біз де, осы бағытты қолдап, халық қамын ойлап, билікте тек адал адамадардың қалуын  қолдан келгенімізді жасайтынымызды болашақта дәлелдейтін боламыз. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар билікті өз құзіретінің шегінде  пайдалана білсе, жеріміздің әл-ауқаты кеңейіп, елім дейтін азаматтардың көп болатыны сөзсіз. Адамгершілік болмай  әділдік болмас дегендей, санамыздың тереңіне осындай маңызды алғышарттарды енгізу, біз, сияқты құқық қорғау саласындағы адамдар үшін ең маңызды жұмыстардың бірі болып саналатыны анық. Бізбен бірге бұл шараны ұйымдастырған курс бастығының орынбасары А.Ж.Даушев жалпы түсініктерге тоқталып, жемқорлықтың жақсы нәрсеге апармайтынын түсіндірді. Сонында, барлық курсанттар өздеріне керегін алып, жадыларына ой түйе білді деп ойлаймын. Осындай ұйымдастырылған шаралар үшін курс басшылығына алғыс білдіреміз.

Аида Бакбаева

полиция қатарындағы 1 курс курсанты