Қостанай академиясының 2 курс курсанттары театр жанашырлары

Қараша айының жиырма бірінші жұлдызында, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 207-ші оқу топ құрамы және  топ тәлімгері — Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Н.Маханбетовпен Қостанай облысының Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрындағы тамаша қойылымға куә болды. Алаш партиясының басшысы, ұлт көсемі, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туған күніне орай қойылған Шархан Қазығұлдың атты көрінісі курсанттарға ерекше әсер қалдырды.

Театр – көңіл көтерудің орны ғана емес, ол – мәдениет ошағы. Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры — Қостанай өңірінің ұлттық өнерінің қара шаңырағы. Сыртқы келбеті де көз тартатын  бұл мәдениет ордасында талантты, өз мамандарының нағыз білгер,  шығармашылыққа толы ұжымы жұмыс атқарады.

Оған дәлел «Міржақып» қойылымында өз өнерлерімен көрермендері баурап алған қазақ драма театрының шебер дарын иелері.

 Олар қазақ қоғам қайраткері, ақын-жазушы Міржақып Дулатовтың халқына тигізген өлшеусіз еңбегін барша сахна жұртына еш мүлтіксіз жіберді.

«Оян Қазақ!» өлеңі және де

 Алыстан алаш десе аттанамын,

Қазаққа қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ-

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!- өлең жолдары айтылғанда барша көрермендер мен курсанттар бұл сөздерден рухты тәлім-тәрбие алды.

Қорытындылай келе, Қостанай облысының Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры  қойылымды қызықты да ерекше  жүргізді. Кез – келген өнер адам жанының азығы, рухани мұрасы. Сол себепті Қостанай академиясының курсанттары, академия қабырғасында жан-жақты болып шындалуда. Осы мүмкіндік үшін олар әрқашанда оқу орнына және оның басшылығына үлкен алғысын білдіреді.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры  Н.Маханбетов