«Біз бір топпыз» атты ұжымды біріктіру тренингі.

2018 жылдың 16 қараша күні 102 оқу тобы курсанттарымен кураторлық сабақты өткізу барысында взводты біріктіру мақсатында психологиялық тренинг өткізілді.

Осы тренингті өткізу мақсаты, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тұлғааралық қатынастардағы кедергілерді жеңу, қолайлы психологиялық климатты құру, тиімді өзара ұжымдық іс-қимылын және команда құруға арналған.

Оқыту барысында: өрмекші, достық ағашы, сондай-ақ бiр-бiрiне күлкі сыйла арнайы жаттығулары қолданылды.

Оқыту мақсаты келесілер болды:

— Топтардың келісімі арқылы ортақ командалық рухты дамыту және нығайту;

— Жалпы тапсырмаларды шешуде әрбір қатысушының салымды және жауапкершілігін дамыту;

— Өздерін «бір команда» ретінде тану.

Ұжымда өмір сүру әрбір адам үшін қажет. Тек ұжымда ол қоғамдағы өмір тәжірибесін алуға, ақыл мен жан дүниені байытуға, өз қабілеттерін, бiлiмiн, дағдысын, қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндіктері болады. Бұдан адамның қоғамдастықты біріктіруге, ынтымақтасуға генетикалық қажеттігі көрінеді.

Оқу ұжымының қаншалықты досшыл болуы әрбір оқушының психологиялық жағдайына әсер етеді. Оқу тобындағы балалардың бірлігі дәрежесі оқу материалын меңгеру, мұғалімнің оқу тобымен жұмыс жасау тиімділігі және қалыптастыруымен байланысты. Досшыл командасын құру ісінде жетекші рөлі, әрине,оқу тобының кураторына тиесілі болады.

Қорытынды жасау барысында, тренинг қатысушыларының бекітуі бойынша мақсатталған жоспарлар іске асырылды.

Өткізілген тренингтің арқасында тренингке қатысушылар жақсы әсерлер қалды.

МҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Карымсакова Д.Т.