Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасында «Шериф» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті

2018 жылы  7 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасында «Шериф» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барасында ғылыми зерттеу жұмысы бойынша сұрақтар қарастырылып, ғылыми-зерттеу жұмысын одан әрі тереңінен жан-жақты зерттеу мақсаттары қойылды. Сонымен қатар курсанттарға тағайындалған ғылыми жетекшілер ғылыми – зерттеу жұмыстарының мақсат, міндеттерін, әзірлеу жағдайларын  көрсетіп, жан-жақты көмек көрсетті. Курсанттар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша сұрақтар қойды. Ғылыми жұмыстардың тақырыптарын таңдау, сонымен бірге тақырыпты таңдау кезінде ғылыми жұмыстың жетекшілерімен ақылдасып, оның мақсат міндеттерін де қарастыру қажет. Осындай отырыстар курсанттарға  білімдерін шыңдауға, жан-жақты болуға, көмек береді.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы