Ғылыми-зерттеу нәтижелерінің қорытындысын таныстыру

2018 жылғы 31 қазанда Академияның базасында жүргізілген ғылыми-зерттеулердің қорытындысын талқылау бойынша ғылыми-зерттеу орталығы және қызығушылық танытқан департамент қызметі өкілдерімен бірігіп Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің конференция залында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының алдында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Мусин Нұрболат Курлысовичпен кездесу болды. Кездесу барысында ҒЗО қызметкерлері ҚАЖ департаментінің басшылығымен ұжымына және ҚАЖ аумақтық бөліністеріне ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді.Дөңгелек үстел аясында «Қостанай облысының  қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру сотталғандардың жекелеген санаттарының сипаттамалары» атты ғылыми-тәжірибелік оқу құралының және «Жасақ бастығының еңбегін қазіргі ұйымдастыру жүйесінің ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері» әдістемелік ұсынымдарының тұсаукесерін кесті.

Талқылау барысында аумақтық органдардың қызметкерлері ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін тараптар бір-біріне белсенді қатысқаны үшін және жемісті жұмыс үшін алғыстар білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа ниет білдірді.

ҒЗО қызметкері полиция капитаны

А.А. Әбдәлі

О презентации результатов научных исследований

31 октября 2018 года в конференц-зале Департамента УИС по Костанайской области Научно-исследовательским центром академии совместно с представителями заинтересованных служб департамента был проведён круглый стол по обсуждению результатов научных исследований, проведенных сотрудникамии НИЦ.

Работе круглого стола предшествовала встреча с начальником Департамента УИС по Костанайской области полковником юстиции Мусиным Нурболатом Курлысовичем. В ходе встречи сотрудники НИЦ выразили слова благодарности руководству, коллективу департамента и сотрудникам территориальных подразделений УИС за помощь и содействие при проведении научных исследований.

В рамках круглого стола представители НИЦ презентовали научно-практическое пособие «Характеристика отдельных категорий осужденных, отбывающих наказание в виде лишения свободы в учреждениях уголовно-исполнительной системы Костанайской области» и методические рекомендации «Организационно-правовые аспекты действующей системы организации труда начальника отряда».

В ходе дискуссии сотрудники территориальных органов отметили практическую значимость представленных материалов.

По окончанию круглого стола стороны поблагодарили друг друга за активное участие и плодотворную работу, выразив желание на дальнейшее  сотрудничество.

научный сотрудник НИЦ

майор полиции Аужанов Р.Б.