Тәжірибелік қызметкерлермен сабақ барысында кездесу

2018 жылғы қазан айының 10-шы жұлдызында «Әкімшілік іс жүргізу құжаттарын құрастыру бойынша практикум» пәні бойынша тәжірибелік сабақ барысында «Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет» кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Жұмашев Мақсат Асылханұлы Павлодар қаласының Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік  инспекторы полиция капитаны Жұмашев Данияр Тулегенұлымен және Қостанай облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкері  полиция сержанты Ержанов Руслан Ерболатұлымен таныстырды. Тәжірибелік қызметкерлер курсанттармен тілдесу барысында өз жұмыстарының қыр-сырымен бөлісіп, қызметтің ақ-қарасын ажыратып түсіндірді.  Курсанттардың жұмысқа деген қызығушылықтарын, ынтасын және құштарлықтарын арттырды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап берді және  курсанттарымыз  өздеріне қажетті деген мәліметтерді алды. Осы аз уақыт ішінде тәжірибелік қызметкерлер курсанттардың жұмысқа деген көз қарастарын өзгертті. Кездесу соңында, полиция капитаны Жұмашев Данияр Тулегенұлымен полиция сержанты Ержанов Руслан Ерболатұлы болашақ офицерлерімізге сәттілік тіледі.

4 – курс курсанты

Қосымбетов Жандос