Театр сахнасындағы «Үйлену» қойылымының премьерасы өтті

Рухани кемелдік өсуге ықпал ететін және мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі — театр. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, бұл мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі болып табылады.

<

Бүгін ел шаруасын, қоғам құрылысын әлеуметтік негізде қайта жасауға қол қойған үстіміздегі дәуірде өнердің, өнер ішінде әдебиеттің, театрдың орны өзгеше. Қазақ сахнаны киелі санайды. Өйткені, өресі биік көрерменге ой салар жер осы.

2018 жылдың 27 қарашасында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Костанай академиясының психологиялық жұмыс орталығының базасында өтіп жатқан біліктілікті арттыру курстарына келген сарапшы-психологтар Ілияс Омаров атындағы қазақ драмалық театрда «Үйлену» деген жаңа қойылымды тамашалауға барды. Әртістердің керемет ойыны көрермендерді қуанышқа бөледі

Алматы қаласынан келген сарапшы-психолог Майлыбаева Назира «Қойылым бізге ұнады» — деп, өз ойын білдірді.

Психологиялық жұмыс орталығының

оқытушы-әдіскері

полиция капитаны В. Касенова