Демалыс күні кинотеатрға бару

Топ жетекшісімен курсанттар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, Қостанай қаласының тыныс — тіршілігімен жақынырақ танысу мақсатында 2018 жылы 28 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 202 топ курсанттарымен кезекті сейілдемеге шығу ұйымдастырылды.

Бір ерекше мағынасы бар әрі қағытпа қалжынға толы фильмді 2-ші курс курсанттарымен бірге демалыс уақытында тамашаладық.

Кино дегеніміз – техника мен өнердің қосынды туындысы, әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен актерлік ойынның басын қосқан ғажап дүние десек те болады.

Максетова Гульнур: «Кинофильм қолда бар алтының қадірін білуге және оны бағалуды үйретеді» деп, өз ойын білдірдіп, тамаша көңіл — күй қалыптасқандығы туралы айтты.

 

 

202 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В. Касенова