АКАДЕМИЯ ДАБЫЛШЫЛАР ТОБЫНЫҢ ЖІТІҚАРА ҚАЛАСЫНА ІССАПАРЫ

2018 жылы 13 қазан күні кешкі сағат 18:00 уақытында Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдар» акционерлік қоғамының мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттарынан құрылған дабылшы қыздар тобы өз өнерлерін көрсетті. Бұл мерейтойға Қостанай Академиясының курсанттарынан да басқа биші арулардан құрылған топтар да қатысты. Қазіргі таңда Қостанай Академиясының белсенді қатысушылары баршылық, оның ішіне домбырашылар, биші қыздар, әншілер, көңілді тапқырлар тобы, дабылшы қыздар және т.б.

Қазіргі таңда бұл белсенді қатысушылар Академия аумағынан тыс мерейтойларға, жарыстарға, концерттерге белсенді қатысып жүр. Ең маңыздысы осындай іс-шаралар курсанттарға үлкен тәжірибе.

3 курс курсанты

полиция қатарындағы

Оңғарбаева Дана