«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ»

Академияда жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мереке тойланады. Осыған орай 2018 жылы 18 қыркүйек күні ӘҚжӘҚи кафедра күндізгі оқыту факультетінің қазақ тілінде оқитын 2 курс курсанттарының арасында «Тіл-біздің байлығымыз» деген зиялы ойынды өткізді. Ойынның басталуы өзіміздің дәстүрлі әуенімен ашылған болатын. Бұл сайыста курсанттар жеттік меңгірген шеберліктерін танытып, түрлі шығармашылық өңерлерін көрсетіп, өздерін таныстырды. Барлық қатысушылар білімді және жан-жақты екенін көрсетіп, өздерін белсеңді ұстады. Ойын өз мәресіне жеткен соң, курсанттар сыйлықтармен марапатталды.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы