ОТБАСЫ – ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ

2018 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Отбасы күні мерекесі қарсаңында Академия бастығы полиция генерал- майоры М.А. Қызыловтың күндізгі оқыту факультетінің 3-4 курсының отбасылы курсанттарымен кездесуі өткізілді. Бүгінгі күнде Академияның курсанттары арасында 13 отбасылы жұп бар.

Академия бастығы полиция генерал- майоры М.А. Қызылов кездесуде қатысушыларды Отбасы күні мерекесімен құттықтап, Шырақбек Қабылбаевтың: «Отбасы құру – тек халық санының өсуі мен ұрпақ жалғасуы ғана емес, ол сіздердің жемісті қызмет етуіңізге жағдай жасау»- деген сөзін айтып өтті.

Курсанттармен кездесу барысында, Академия бастығы әке ретінде өзінің отбасылық тәжірибесімен бөлісті, әрі отбасыны сақтап, іргесін нығайту үшін түсіністік, сабырлық пен ең бастысы бір-біріне қамқорлық танытуы қажет екендігін баса айтты.

Елбасымыз Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын айырықша атап өтті.

Кездесудің соңында Академия курсанттары Академия бастығына Отбасы күніне арналған жанға жайлы кездесу үшін алғыстарын білдірді.

 

 

ТЖБ инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова

 

СЕМЬЯ – ЭТО ЯЧЕЙКА ОБЩЕСТВА

8 сентября 2018 года в Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева в предверии  празднования Дня семьи прошла встреча начальника Академии генерал-майора полиции М.А. Кызылова с женатыми и замужними курсантами 3-4 курсов факультета очного обучения. На сегодняшний день среди курсантов Академии 13 семейных пар.

Приветствуя участников встречи, начальник Академии генерал-майор полиции М.А. Кызылов поздравил всех с Днем Семьи и отметил слова Шракбека Кабылбаева, что создание семьи – дает не только рост народонаселения и продолжает поколение, но и создает условия для вашей успешной работы.

В ходе встречи с курсантами, начальник Академии по отцовски поделился своим семейным опытом и подчеркнул, что для сохранения и укрепления семьи, нужно понимание, терпение и самое главное забота друг о друге.

Как отметил Глава государства Лидер Нации Н.А. Назарбаев: «Семья – это стержень казахстанского общества, основа всех новых достижений нашей страны в экономике, культуре, социальной политике. Через крепкие узы из поколения в поколение передаются все самые лучшие духовно-нравственные ценности нашего народа — толерантность, трудолюбие, любовь к родной земле, уважение к старшим, гостеприимство и устремленность в будущее».

В завершении встречи, курсанты Академии поблагодарили начальника Академии за приятную и теплую встречу в предверии  праздника Дня Семьи.

Инспектор ОВР

старший лейтенант полиции Д.Альжанова