Сауатты ұрпақты тәрбиелейтін сауатты істер

Білім беру үрдісінің ажырамас бөліктерінің бірі ғылыми зерттеу жұмыстары. Осы мәселеге сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтаудың ұстаханасына айналған қара шаңырағымыздағы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы өзінің «Ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің құқыққолдану қызметіндегі құқықтық мәдениет пен құқықтық сана» атты ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша оқу жылының басындағы кезекті авторлық ұжымының отырысын өткізді.

«Ғылым таппай мақтанба…» деген ұлы Абайдың сөзімен пайымдасақ адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау жолында құқықтық саналы және құқықтық мәдениетті маман дайындау үшін ғылымның орны ерекше. Сол себептен оқу жылының басталысымен алға қойған келелі мәселелер талданып, мақсаттар анықталып, міндеттер талданды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Бағдарламасына сәйкес мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастамашылығымен жоғарыдағы көрсетілген тақырып жалғастырылып отырғандықтан, жаңадан тағайындалған кафедраның бастығы заң ғылымдарының кандидаты Құрманғалы Рахимбердиевич Сарыкуловтың жетекшілігімен бірнеше өзекті мәселелер алға қойылды. Соның ішінде Рухани жаңғыру идеологиясын алға қойып, алдағы тіл апталығы, ант қабылдау салтанаты аясында іргелі істерді жасауды ұсынды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының

авторлық ұжымы