Нағыз қазақ –Домбыра!

Тәрбие жұмысы бөлімінің жұмысы 2018 жылғы Жас жауынгер курсында жалғасуда. Әр күн сайын бөлім басшысы полиция майоры Р. Аужанов бастаған қызметкерлер Академияға жаңадан оқуға түскен курсанттардың ішінде өнерге құмар, ынтасы мен ниеті бар жас таланттарды іздестіруде. Күн тәртібінің тығыздығына қиынына қарамастан 250-ге жуық курсанттар арасында өз өнерлерін паш етуге дайындары жеткілікті.

Тәрбие жұмысы бөлімінің жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 15 тамызы күні  курсанттар арасында қазақтың ұлттық аспабында, яғни домбырада жетік ойнайтын, бұрын кәсіби түрде айналысқан домбырашылардың өнері курсқа бағаланды. Байқауға 1 курстың жеке құрамы мен басшылығы қатысты.

Алғашқы болып курсанттардың алдына, сахнаға Алибек Маликов «Түркімен күйімен» шықты. Екінші, Алмас Мукшиев «Адай»  күйін орындады. Одан кейін, Абылайхан Урдабеков домбырамен терме және анасына арнаған «Ана» әнін орындады. Байқауды аяқтаған Дарын Аманжолов «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерін орындады.




Байқау соңында тәрбие жұмысы бөлімі мен курс басшылығы атынан қатысушыларға алғыс айтылды және басқа курсанттарға келекшекте өздерін Академия өмірінде белсенді және жақсы жағынан таныту керектігі айтылды.

 

Тәрбие жұмысы бөлімі