ОҚУ ДАЛА ЛАГЕРІНДЕГІ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖАТТЫҒУ

2018 жылдың 28 — 31 мамыр аралығында жедел-іздестіру қызметі кафедрасының бастығы полиция полковнигі К.И. Юдаковтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының офицерлер жеке құрамының қатысулары арқылы оқу дала лагерінде тәжірибелік дағдыны арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Ол 8 кезеңнен тұрды. Әр кезең өздігінен қызықты әрі жоғары дәрежеде өтті.Осы күндер аралығында әр офицер өзінің біліктігін сынап, тәжірибеде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Аяқталған оқу – жаттығу жиынында 3 курс курсанттары өздерінің тәжірибелік мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсете алды.Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жиі өткізілетіні мәлім.




ЖІҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Е.Н. Тоқжанов