2 курс кіші командирлер құрамына кезекті «Сержант» арнаулы атағы табыс етілді

Ағымдағы жылдың 16 мамыры күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс кіші сержанттар құрамы үшін ерекше күн болды. Себебі, бұл күні 2 курс кіші сержанттар құрамына кезекті «Сержант» арнаулы атағы салтанатты түрде табыс етілді. Академия жеке құрамы таңғы таралымға сап түзеп, кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі А. Ибраев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры М. Қызыловтың бұйрығын барлық жеке құрамға жеткізген соң Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Каппасов кіші сержанттарға кезекті сержант атағын табыс етуге көшті. Жалпы сержанттық құрам барлық курсанттардың арасында беделді және үлгі тұтарлық курсанттар ретінде бір қадам алда болулары қажет. Сондықтан бұл арнаулы атаққа ие болған курсанттар жеке құрамның арасынан жауапкершілігі мол, өз ісіне адал әрі абыроймен қарайтын тұлғалар ретінде тағайындалады. Арнаулы атақты табыс ету рәсімі аяқталысымен полиция полковнигі Е. Каппасов сержанттық құрамды кезекті арнаулы атақтарымен шын жүректен құттықтап, сержант атағын алып қана қоймай, сонымен қатар олардың өздеріне жүктелген міндеттерін абыройлы да, таза атқарулары тиіс екендерін, кез келген іске үлкен жауаптылықпен қарау қажет екендерін айтты. Салтанатты рәсім Академия жеке құрамының саптық шеруімен аяқталды.





Академияның баспасөз қызметі,

полиция қатарындағы Э. Канатчина