Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Құқық қорғау қызметінің оңай емес екені баршамызға аян. Қоғам тыныштығын күзетіп, көше тәртібін қадағалап жүрген сақшылар күрделі жағдайлармен күн сайын бетпе-бет келіп жатады. Қарулы қылмыскерлермен қақтығысып, «тілсіз жаумен» «тартысып» өткен ерліктері – көпке үлгі. Осылайша, қауіп-қатерге толы қызметін абыроймен атқарып, қапыда қаза тапқандары қаншама?! Енді сондай ерлікпен есте қалған бейбіт күннің батырларына қатысты іс-шара 2018 жылдың 7 мамыр күні 310 кураторы, полиция аға лейтенаты Мырзахмет К.Е. және 213,2014 топтарының кураторы, полиция капитаны Наурзбаева А.Қ. кураторларлық топтармен кураторлық кеш өткізді.

Кураторлық кештің барысында бейбіт күнде отанын қорғауда өз міндеттің абыроймен орындаған қазақстандық полиция қызметкерлері еске алынды. Олардың өмір баяны, өскен орта, туған жері олардың тұлғасының қалыптасуына әсері туралы ақпараттар  курсанттарға айтылды.

Кештің мақсаты курсанттарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.

Кештің соңында Ғазиз Байтасовқа арналған патриоттық деректі фильм көрсетілді.



 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының кураторлары.