2-3 курс курсанттар үшін өткізілген қосымша практика

2018 жылдың 11 — 15 мамыр аралығында бекітілген кесте бойынша 2-3 курс курсанттарымен өткізілген қосымша практиканы жедел-іздестіру қызметі кафедрасы, ЖІҚ кафедра доценті полиция подполковнигі А. Бойко және ЖІҚ кафедра оқытушысы полиция майоры Е.Токжанов нұсқаулықты өткізді.

Нұсқаулық күн сайын сағат 8:30-де өткізілді. Нұсқаулықта қойылған практика талаптары, тәртіп сақтау және практика уақытында қойылған шектеулер туралы айтылды.

Күн қорытындысы жайында, курсанттар жұмыстың қорытынды есебін жасады. Әр курсантқа практика жетекшісі тағайындалды, курсант жасаған жұмыстың қортындысын бағалап, балдық жүйе бойынша бағаланды. Қосымша практикадан өтудің апталық қортындысы бойынша барлық курсанттар қанағаттандырарлық деп бағаланды.

Кафедра қызметкелері өткізген тексеріс нәтижесінде курсанттарды  практика нысандары мен әдістерін өткізу туралы, оларды қызмет бабымен білім алып жүрген ортасынан оқшаулау және жіті қадағалау туралы практика жетекшісімен сұхбат өткізілді.

Курсанттармен өткізілген қосымша практика, алдағы кәсіптік практикаға үлкен көмегін тигізеді.

Курсантар оқып жүрген теориялық білімдерін қосымша практикамен ұштастыру арқылы кәсіптік практикада арқау болатынына ЖІҚ кафедрасының қызметкерлері кәміл сенімді.

Е.Тоқжанов