Вакцинация БАРЛЫҒЫ үшін!

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде және «Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған «Біз вакциналауды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасы аясында 2018 жылдың 27 сәуір күні және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және «Қостанай облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы»медициналық мекемесі бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы базасында, курсанттар арасында «Вакцинация БАРЛЫҒЫ үшін!» атты флеш-моб өткізілді.

 Флэш-моб өткізудің мақсаты:

Қоғамның әлеуметтік белсенділігіне, адам денсаулығына ортақ жауапкершілікті дамытуға, жақсартуға ұмтылуына, жұқпалы аурулардың алдын алуға және өмір сүрудің жоғары сапасына негізделген салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына назар аударту.

     Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

     полиция майоры  Аужанов Р.

     Кураторлар кеңесі төрағасының

     орынбасары

     полиция аға лейтенанты Мұрат А.