Саптық байқау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс жеке құрамы жазғы киім үлгісіне ауысуына орай 22 сәуір күні саптық байқау өтті. Саптық байқауды 3 курс бастығы полиция подполковнигі, Кусеубаев Азамат Браліұлы өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жеке құрамның киім үлгісін, экипировкаларын және қызметтік міндеттерін орындауға дайындығын тексеру болып табылады.

Курсант – барлығына үлгі болып табылатын болашақ полиция қызметкері болғандықтан, саптық дайындық өткізу маңыздылығы курсанттарды ұқыптылыққа, үлгілі сырт келбет, сымбаттылыққа үйрету болып табылатыны мәлім.

Саптық байқау өткізу барысында:

  1. Әр курсанттың сырт келбеті
  2. ҚР ҚК саптық жарғысының білуі
  3. Курс құрамында салтанатты өтуі

3 курс бастығы полиция подполковнигі, Кусеубаев Азамат Браліұлы  саптық байқау барысында курсанттардың тек киім үлгісін қарамай сонымен қоса қызметтік куәліктері тексеріліп, кейбір курсанттарға ескертулер жасалды. Ескертулерді тез арада жоюға тапсырма беріп сол курсанттармен қосымша жұмыс жүргізілді. Саптық байқау қорытындысы бойынша 3 курс жеке құрамы жазғы киім үлгісіне өтуге дайын және толығымен камтылған.





Академия баспасөз қызметі

полиция қатарыңдағы Советов Б.Е