Хакімжан Наурызбаев – асқақ дарын, дара тұлға

Сәуір айының үшінші жұлдызында, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында, Қостанай облысының тарихи өлкетану мұражайының бейнелеу бөлімінің қызметкерімен жалпы қолөнер және оның ұлы тұлғасы Наурызбаев Хакімжан Есманханұлы туралы дәрісі өтті. Курсанттар бұл кездесуден Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі, Социалистік Еңбек Ері, «Тарлан», «Парасат», «Құрмет белгісі», ордендерінің иегері жайлы және де ұлттық мүсін өнері жайында құнды мәліметтермен танысты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру саласын дамытудың алдағы онжылдықтарға арналған бағдарламаларын қарқынды жүзеге асыру міндеттері межеленді. «Кемелденген тұлға тәрбиелеуде парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға баулу құралдарының бірі – өнер болып табылады» — деген болатын. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруіне әсері ұшан-теңіз. Атап айтсақ, курсанттың өзін қоршаған ортаны танып-білуіне, ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал етері хақ. Түрлі өнер саласы бойынша хабардар болуы оның беделін арттыра түсері анық. Сондықтан да бүгінгі кездесуден болашақ қызметкерлер көркем өнермен қоса, оның қас шебері Хакімжан Наурызбаев – қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері; туған жері: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы; Қазақ КСР халық суретшісі. Ол кісінің Алматыдағы «Абай», «Шоқан», Тараз қаласындағы «Жамбыл» атты монументті ескерткіштерін, «Жасөспірім Жамбыл», Орал қаласындағы «Мәншүк Мәметова» мүсіні, «Құрманғазы», «М.Хакімжанова», «Сәкен», «Шопан портреті», Қостанай облысы, Аманкелді ауданындағы «Аманкелді Иманов» — атты еңбектерімен таныстық. Шәкірттері: Т.Досмағамбетов, Б.Төлеков, Т.Бинашев. X.Наурызбаев еңбектері негізінен Қазақтың көркемсурет галереясында сақтаулы «Абай», «Шоқан Уалиханов», осындай танымал туындыларымен танысып, автордың 200-ден астам мүсін-ескерткіштерді сомдай алғанын еске сақтап қалдық.

Қортындылай келе, Қостанай облысының ғасырдан астам тарихы бар өлкетану мұражайының бейнелеу бөлімінің қызметкері курсанттарға өз дәрісін қызықты да тартымды өткізді. Кез – келген өнер, адам жанының азығы, рухани мұрасы. Сол себепті Қостанай академиясының курсанттары, Мәдениет университеті аясында «өнер», «мәдениет» — деген ұғымдарды жан-жақты қарастыруда. Курсанттар аталған кездесу, өлкеміздің мәдени тарихының тұстарымен терең танысуға мүмкіндік жасады деген пікірмен тарқасты.







1-курс курсанты

полиция қатарындағы

Кусаинова Айнур