102 оқу тобының білімді шыңдау бағыттында облыстық Л.Н.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханаға барды

Қостанай қаласының орталығында орналасқан облыстық Л.Толстой атындағы кітапханаға барып, кітапхананың күнделікті өмірі мен танысып, көптеген кереметтерге куә болып, тың жаңалықтарымен танысқанымыз маған және 102 оқу тобының курсанттарының көңілдерінен шығып, әрқайсымызға қатты әсер қалдырды. Кітапхананың сан түрлі кітаптары ғана емес, сонымен қатар бізді әртүрлі жаңашылдықтарымен де таңқалдырды, өзінің осы заман талабына сай кітапхана екенін дәлелдеді. Біздің сол кітапхана туралы ойлағанымыздан да асып түсті. Л.Толстой кітапханасының қызметкерлерінің оқырманға деген қызмет көрсетуі де ең жоғарғы деңгейде, және де қызмет көрсетулерін екі тілде жүргізіп, кітапхананы еркін аралатып, тарихын, көрнекті тұлғалардың қызықты кітаптарымен толық таныстырды. Кітап оқитын зал, оқырмандарға кітап мағынасын түсіндіретін зал, керек мағлұматтарды ғаламтор желісінен іздеуге арналған компьютермен жабдықталған зал, тіпті демалып ой сергітетін, демалатын орындыққа дейін қамтамасыз етілген. Бұл кітапхана тарихи кітаптармен қоса, жаңа заманның жас ақындарының шығармашылығына толы және де оны кітап жүзінде ғана емес электронды түрде де оқуға қолжетімді.

Кітап оқу арқылы адам рухани жан байлығын тазартып, іштей байып, көкірек көзі ашыла түседі. Осындай даналықтың қайнар көзі болған кітапханаға апарып, тамаша демалып, тың жаңалықтарға куә болуымыздың бірден-бір себепкері болған Қостанай академиясының басшылығына және де 102 оқу тобының кураторы полиция майоры Нурмаганбетова Жанна Кенжегалиевнаға алғысымызды білдіреміз.

     ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев

     атындағы Қостанай академиясының

     полиция қатарындағы

     1 курс курсанты

     Ерболат Лашын