«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны

Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбавтың 110 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2018 жылдың 2 сәуірінде әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы күндізгі оқыту факультетінің 3-курс курсанттары арасында «XXI ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып, өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – курсанттарды Отан сүйгіштікке, патриотизмге баулып, Қазақстан халықтарының өткен тарихына құрметпен, қазіргі күні мен жарқын болашағына мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Ойын бес кезеңге бөлінді:

1-кезең: «Визиттік карта». Бұл сайыста әр команда өздерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырады.

2-кезең: «Бәйге» — лезде жауап қайтару. Бұл сайыс барысында курсанттарға Қазақстан тарихына қатысты, Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы сұрақтар қойылды.

3-кезең. Полиглот. Әр командаға мақалдардың толық нұсқалық мәтіні берілмей, оларды толықтыру талабы қойылды (жауабы үш тілде айтылуы керек).

4-кезең: Менің өмірімдегі оқиға. Командалар әр түрлі тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді (Қазақстанның ұлы тұлғалары, Менің ЖОО, Мемлекеттік рәміздер, дүние жүзі тарихындағы тұлғалар, т.б.).

5-кезең. Әр командаға тапсырма беріліп, одан соң 2 минуттың ішінде өз тапсырмасын әйгілеу тапсырылды. Тапсырмалар тақырыптары: «Мен …болсам, …өзгертер едім»: а) Қазақстан Республикасының Президенті, б) Ішкі істер министрі, в) Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы.

Интеллектуалдық ойын қорытындысы бойынша 1 орынды 305 оқу тобының «Қабылбаев ұрпақтары» командасы, 2 орынды 301 оқу тобының «УПИ» командасы, 3 орынды 306 оқу тобының «Ночной дозор» командасы иеленді.

Ойында курсанттар белсенділік танытты, іс-шараны өткізу барысында кең дүниетанымын, ұжымдықты және жауаптылықты сезінулерін, сондай-ақ қазақ ,орыс және ағылшын тілдерін жетік білетіндерін байқатты.

Барлық командалардың өкілдері бұл секілді ойындар тұрақты түрде өткізіліп тұрса деген ұсыныстарын айтты, өйткені бұндай шаралар дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылықты, ұжымдықты сезінуді, стандартты емес жағдайлардан шыға білуді, сөйлей алуды, сондай-ақ жауаптылық пен парыз туралы түсініктерін қалыптастыруға көп көмегін тигізері анық.

Барлық қатысушылар грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен  марапатталды.

Кеш соңында әікмшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының ұжымы қатысушылардың әрқайсысының өз елінің көшбасшысы болуына, үнемі жетіліп отыруларына тілектестік білдірді.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Мұрат